9) көп балалы отбасыларын шығаруға болмайды.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 121-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
121-бап. Мемлекеттік емес меншiк нысанына негiзделген заңды тұлғаларға тиесiлi тұрғын үйлердi пайдалану
Мемлекеттік емес меншiк нысанына негiзделген заңды тұлғаға тиесiлi тұрғын үйдi жалдау жөнiнде осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн жасалған шарт аталған шарттың қолданылу мерзiмiнде күшiн сақтап қалады.
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 122-баппен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
122-бап. Прокуратура органдарының, экономикалық тергеп-тексеру қызметінің жəне азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету ерекшеліктері
Осы Заңның 13-1-тарауының тұрғын үймен қамтамасыз ету ерекшеліктері бөлігіндегі күші 2025 жылғы 1 шілдеден бастап прокуратура органдарының, экономикалық тергеу қызметінің жəне азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне қолданылады.
Қазақстан Республикасының
| Президентi |
|
| Н. Назарбаев |